Павлодар облысының жер комиссиясының №3 қорытындысы

 Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 203/22 шешімімен  бекітілген құрамда Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы                       28 мамырдағы № 143/1 қаулысымен құрылған Павлодар облысының жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына «QazProm-Cement» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы мәселе шығарылады.

Қатысқандар:      Комиссия мүшелері.

Қатыспағандар:      Комиссия мүшелері.

Төрағалық етуші: А.Ж. Қабылтаева – Комиссия төрағасы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Баяндаушы: М.Қ. Хамитов – Комиссия мүшесі, облыс жер қатынастары басқармасының басшысы.

Қарастырылатын Екібастұз қаласынан солтүстік-шығыстан 15 километрде орналасқан жалпы ауданы 195,7950 га жер учаскелері: оның ішінде №1 учаскесінің алаңы 121,2890 га және №2 учаскесінің алаңы 74,5060 га, «Атоғай» кен орнынан кварц құмын өндіруді жүргізуге арналған.

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 2025 жылғы 14 ақпандағы                 № 40/2025 Лицензиясы, «QazProm-Cement» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші және бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылы 30 желтоқсандағы «QazProm-Cement» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсетілген жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруді келісу туралы № 999/12 қаулысы қабылданды.

Ұсынылған жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру материалдарын қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 32, 37, 43-баптарында көзделген нормаларға сәйкес және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижелері бойынша:

          «қолдағандар» -     ;

          «қарсы болғандар» -     ;

          «қалыс қалды» -    ;

Комиссия шешім қабылдайды:

           - «QazProm-Cement» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Екібастұз қаласынан солтүстік-шығыстан 15 километрде орналасқан 2035 жылғы 14 ақпанға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында жалпы ауданы 195,7950 га жер учаскелерін: оның ішінде №1 учаскесінің алаңы 121,2890 га және №2 учаскесінің алаңы 74,5060 га, «Атоғай» кен орнында кварц құмын өндіруді жүргізу үшін беру мүмкін деп саналсын;

           - ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалануға байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу қажет болған жағдайда көзделсін.

Жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі оны қабылдаған күннен бастап бір жылды құрайды.

Дата публикации
17 марта 2026