Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 203/22 шешімімен бекітілген құрамда Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 143/1 қаулысымен құрылған Павлодар облысының жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына «Тума-ЛКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы мәселе шығарылады.
Қатысқандар: Комиссия мүшелері.
Қатыспағандар: Комиссия мүшелері.
Төрағалық етуші: А.Ж. Қабылтаева – Комиссия төрағасы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
Баяндаушы: М.Қ. Хамитов – Комиссия мүшесі, облыс жер қатынастары басқармасының басшысы.
Қарастырылатын Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 44,0 га жер учаскелері: оның ішінде №1 учаскесінің алаңы 25,0 га және №2 учаскесінің алаңы 19,0 га, «Құлакөл» кен орнынан құрылыс құмын өндіруді жүргізуге арналған.
Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 45/2025 Лицензиясы, «Тума-ЛКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші және бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылы 1 желтоқсандағы «Тума-ЛКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсетілген жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруді келісу туралы № 914/12 қаулысы қабылданды.
Ұсынылған жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру материалдарын қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 32, 37, 43-баптарында көзделген нормаларға сәйкес және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижелері бойынша:
«қолдағандар» - ;
«қарсы болғандар» - ;
«қалыс қалды» - ;
Комиссия шешім қабылдайды:
- «Тума-ЛКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің аумағында орналасқан 2035 жылғы 10 қыркүйекке дейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында жалпы ауданы 44,0 га жер учаскелерін: оның ішінде №1 учаскесінің алаңы 25,0 га және №2 учаскесінің алаңы 19,0 га, «Құлакөл» кен орнында құрылыс құмын өндіруді жүргізу үшін беру мүмкін деп саналсын;
- ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалануға байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу қажет болған жағдайда көзделсін.
Жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі оны қабылдаған күннен бастап бір жылды құрайды.