Павлодар облысының жер комиссиясының №1 қорытындысы

Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 203/22 шешімімен  бекітілген құрамда Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы  28 мамырдағы № 143/1 қаулысымен құрылған Павлодар облысының жер комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына «Баянаульский кирпичный завод №1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы мәселе шығарылады.

Қатысқандар:      Комиссия мүшелері.

Қатыспағандар:      Комиссия мүшелері.

Төрағалық етуші: А.Ж. Қабылтаева – Комиссия төрағасы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Баяндаушы: М.Қ. Хамитов – Комиссия мүшесі, облыс жер қатынастары басқармасының басшысы.

Қарастырылатын Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 6,0 га жер учаскесі «Көкдомбақ» кен орнынан саз және сазды жыныстар өндіруді жүргізуге арналған.

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 2023 жылғы 12 қазандағы                 № 36/2023 Лицензиясы, «Баянаульский кирпичный завод №1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші және бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Баянауыл ауданы әкімдігінің 2025 жылы 3 желтоқсандағы «Баянаульский кирпичный завод №1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне көрсетілген жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беруді келісу туралы № 220/12 қаулысы қабылданды.

Ұсынылған жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру материалдарын қарап, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 32, 37, 43-баптарында көзделген нормаларға сәйкес және Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру нәтижелері бойынша:

          «қолдағандар» -     ;

          «қарсы болғандар» -     ;

          «қалыс қалды» -    ;

Комиссия шешім қабылдайды:

           - «Баянаульский кирпичный завод №1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округінің аумағында орналасқан 2033 жылғы 12 қазанға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында жалпы ауданы 6,0 га жер учаскесін «Көкдомбақ» кен орнында саз және сазды жыныстар өндіруді жүргізу үшін беру мүмкін деп саналсын;

           - ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалануға байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу қажет болған жағдайда көзделсін.

Жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі оны қабылдаған күннен бастап бір жылды құрайды.

Дата публикации
17 марта 2026