Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жер ресурстары

Облыс жерінің жалпы ауданы 12 млн. 459,5 мың га құрайды, оның ішінде:

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 7 685,8  мың га, оның ішінде егістік 1 993,7 мың га, тыңайған жерлер 272,7 мың га, шабындық  203 мың га, жайылым 5 117 мың га.

- елді мекендердің жерлері 1 869,9 мың га;

- өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері 123,3 мың га;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 357,9 мың га;

- орман қорының жерлері 126 мың га;

- су қорының жерлері 79,1 мың га;

- босалқы жерлер 2 217,5 мың га, оның ішінде тыңайған жерлер 246,2 мың га, шабындықтар  56,1 мың га, жайылымдар 1 448,3 мың га.

Облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 11 149,1 мың га құрайды,оның ішінде 2 034,5 мың га егістік, 552,8 мың га тыңайған жер, 8 261,9 мың га жайылым, 296,8  мың га шабындық, 3,1 мың. га көп жылдық екпелер.

Облыстың суармалы жерлерінің жалпы 191,2 мың га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 165,7 мың га, босалқы жерлер 14,5 мың га, басқа санаттағы жерлер 11 мың га.

Документы
Ақпарат
03 июля 2026
Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының жерді беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарды дайындау бөлімі
Бос жер учаскелерінің қолжетімділігі туралы ақпарат
Ақпарат
01 апреля 2026
Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының жерді беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарды дайындау бөлімі
Бос жер учаскелерінің қолжетімділігі туралы ақпарат
Ақпарат
30 декабря 2024
Павлодар облысының жер қатынастары басқармасының жерді беру және алып қою жөніндегі ұсыныстарды дайындау бөлімі
Бос жер учаскелерінің қолжетімділігі туралы ақпарат
Новости
Полезные материалы
Жер ресурстары
Медиагалерея
1
Жер салығы бойынша өзекті мәселелер
2
Қоғамдық жайылымдарды уақытша жер пайдалануға беру мүмкіндігі
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін беру

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қалалар мен аудандардың әкімдіктері 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес 10 жылдан 49 жылға дейінгі жалдау құқығымен конкурстарда береді.

Алдағы конкурстар туралы хабарландырулар мерзімді баспасөз басылымдарында, жергілікті атқарушы органдардың сайттарында, ақпараттық стендтерде және қалалар мен аудандардың жер қатынастары бөлімдерінің және жер қатынастары басқармасының Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылады.

Коммерциялық мақсаттарға арналған жер учаскелері

Елді мекендердегі жер учаскелері коммерциялық мақсаттар үшін аукциондарда gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында электрондық түрде беріледі. (ҚР АШМ 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын электрондық түрде сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес).

Аукцион жеңімпазын анықтаудың басты критерийі қатысушылардың ағылшын сауда-саттық әдісі бойынша (бағаны көтеру үшін) ұсынған бағасы болып табылады.

Жоспарланған аукциондар туралы ескертулер www.gosreestr.kz. жергілікті атқарушы органдардың сайттарында және жер қатынастары бөлімдерінің және жер қатынастары басқармасының Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі беттерінде орналастырылады.

                   

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері

ҚР Жер кодексінің 44-бабына сәйкес ЖТҚ үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.

ЖТҚ үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөлінуге арналған алаңдарды дайындау шамасына қарай не ЖТҚ үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады (ҚР ЖК 44-1-бабы).

Облыс бойынша ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандарды арнайы есепке алу үш қалада (Павлодар, Ақсу, Екібастұз) және екі ауданда (Баянауыл, Павлодар) жүргізіледі, облыстың қалған аудандарында ЖТҚ учаскелері өтініштердің түсуіне қарай бөлінеді.  

Өз кезегіңізді жылжыту туралы деректерді бақылау үшін Сіз осы сілтемемен танысуыңыз керек (Каз:https://youtu.be/hrFl8ii45Yg,
Рус:https://youtu.be/m2wgAEG6e7k).

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы