GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Құжаттар
Все материалы
БАҚ үшін
13 октября 2026
Мәслихат депутаттарын сайлауды 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындауға байланысты Успен ауданының аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы өтті
09 октября 2026
АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Азаматтарды жеке қабылдау барысында тұрғын үй беру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында жанар-жағармай материалдарын өткізу, сондай-ақ балабақшадағы тамақтану ақысына қатысты 3 өтініш қаралды.

Аталған мәселелер бойынша өтініш берушілерге қажетті түсіндірмелер берілді.

Ауыл шаруашылығы
02 октября 2026
Ерте қаржыландыру: 1 қазаннан бастап «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша шаруалардан өтінім қабылдау басталады

Қазақстан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау жүйесінде қаржыландыруды ертерек бастау тетігіне кезең-кезеңімен көшіп келеді. Бұған дейін несие қаражатының басым бөлігі егіс жұмыстары кезеңінде берілетін. Қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер маусым басталғанға дейін бірнеше ай бұрын қаржыландырылып, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алып отыр. Мұндай тәсіл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 15 қарашада өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алғашқы форумында берген тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Тапсырмада егіншілерді негізгі маусымдық жұмыстар басталғанға дейін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және егіс науқанына дайындық сапасын арттыру міндеті қойылған.

Толығырақ ortcom.kz сайтында

17 сентября 2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – АУДАНЫМЫЗДЫ БІРГЕ ТАЗА ҰСТАЙЫҚ!

12 қыркүйек пен 12 қазан аралығында аудан аумағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша айлық өтуде. Осы кезеңде аумақтарды тазарту, көгалдандыру және елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Айлық аясында 12 қыркүйек күні ауданымызда сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық және абаттандыру жұмыстарына ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ ауданның белсенді тұрғындары атсалысты. Олар өз үлгісімен тазалық пен тәртіптің әрқайсымыздан басталатынын көрсетуде.

Сенбілікке шамамен 35 ұйым және 450-ге жуық адам қатысты. Жұмыстарды жүргізуге 28 бірлік техника жұмылдырылды.

Сенбілікке қатысушылар іргелес аумақтарды, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтірді.

Экологиялық бастамаларды белсенді қолдап, осындай іс-шараларға атсалысып жүрген ауданның барлық тұрғындарына алғысымызды білдіреміз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ауылдарымызды таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз.

31 августа 2026
ӘКІМДІКТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

Күн тәртібінде:

* 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру қорытындылары және 2026 жылғы күзгі әскерге шақыруға міндеттер қою туралы;
* Ауданда елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша айлық өткізу туралы;
* Ауданның әлеуметтік-мәдени және өзге де нысандарының 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы және қатты отынмен қамтамасыз ету туралы.

Отырыстың қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.

23 августа 2026
Успен ауданының барлық сайлау учаскелері дауыс беруге жабық. Сайлау учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді.
30 июля 2026
Құрылтай - 2026
Құрылтай - 2026
30 июля 2026
ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына арналған дауыс беру учаскесін анықтауға мүмкіндік беретін «ЖСН бойынша өз сайлау учаскеңізді табыңыз» сервисі іске қосылды.

Өз сайлау учаскеңізді төмендегі сілтеме арқылы біле аласыз:

https://t.me/PVLSailau_bot

Сайлаушыларға арналған Call-орталықтар
03 июля 2026
Сайлаушыларға арналған Call-орталықтар

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

       Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайтынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

 

        Аудан аумағында тұрақты тіркеуі жоқ және орналасқан жері бойынша дауыс беруге ниет білдірген азаматтар дауыс беру күніне дейін бір айдан кешіктірмей немесе 23 шілдеге дейін Успен ауданының әкімдігіне  (Мекен-жайы: Успен ауылы, Қазыбек би көшесі, 71, 12 каб.) сайлаушылар тізіміне енгізу туралы өтініш беруі қажет.

Бұл құқықты келесі азаматтар пайдалана алады:

 

- дауыс беру күні өзі тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;

 

- әскери қызметшілер;

 

      Успен ауданының Құрылтай сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміндегі деректеріңізді Успен ауданы әкімдігінің Call-орталығы арқылы +7 (71834) 92-099 нөмірі бойынша тексеруге болады, немесе деректеріңізді +7 708 591 91 69 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу арқылы білуге болады.

 

Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00 - 14.30).

 

Успен ауданының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға және сайлауға қатысуға шақырамыз!

23 июня 2026
Құрметті қазақстандықтар!

Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура
 
Құрметті қазақстандықтар!

Әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің таралу фактілері байқалуда.

Мұндай әрекеттерге мүлдем жол берілмейтінін және заңға сәйкес қатаң түрде қудаланатынын еске саламыз.

Мәселен, Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК дейін айыппұл салу не 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

Сонымен қатар Қазақстанда онлайн-платформаларда құқыққа қайшы контентті орналастыруға және таратуға тыйым салынған. Егер мұндай әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Таратылатын ақпараттың шынайылығын тексеруге ерекше назар аудару, сондай-ақ қоғамда алауыздық туғызуы мүмкін материалдарды жариялаудан және таратудан бас тарту қажет.

Жалған ақпаратты орналастырғаны және таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

Ал көрінеу жалған ақпарат таратқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Сондай-ақ мұндай жарияланымдардың авторлары ғана емес, оларды саналы түрде таратуға қатысқан адамдарға да құқықтық салдар туындайтынына назар аудартамыз.

Бас прокуратура азаматтарды арандатушылыққа ермеуге, тексерілмеген ақпаратты таратпауға, қоғамдық келісіммен азаматтар арасындағы өзара құрметке нұқсан келтіруі мүмкін жарияланымдар мен пікірлерден бас тартуға шақырады.

Қазақстан халқының бірлігі, өзара сыйластық пен қоғамдық келісім - еліміздің тұрақтылығының, қауіпсіздігінің және келешектегі дамуының берік негізі.

Құқық қорғау органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын кез келген құқық бұзудың жолын кесіп, олардың алдын алу үшін заңда көзделген шараларды қабылдайтын болады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы