
Успен ауданы бойынша 2021 жылдың 15 қыркүйектен бастап 15 қазанына дейін «Қамқорлық» қайырымдылық айлығын өткізу барысы туралы
Күзгі «Қамқорлық» қайырымдылық айлығын өткізу аясында қайырымдылық және материалдық көмек көрсетуге мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар, ЖШС, жеке кәсіпкерлер, ауданның фермерлік және шаруа қожалықтары, мәдениет үйлері және басқа да ұйымдар белсенді қатысты.
2021 жылғы 05 қазандағы жағдайы бойынша аудан бойынша жалпы сомасы 3 851,7 мың теңгеге 1159 қайырымдылық көмек көрсетілді, оның ішінде:
- кәсіпорындар, ұйымдар, ЖШС, ШҚ, ЖК 3223,4 мың теңге сомасына 822 адам көрсетілді.
- мемлекеттік органдар 442,3 мың теңге сомасына 242 адам.
- депутаттар 56,5 мың теңге сомасына 26 адам.
- еріктілер, әлеуметтік қызметкерлер 20 адам.
- жеке қайырмалдықтары 85,5 мың теңге сомасына 34 адам.
- қоғамдық бірлестігі 14,0 мың теңге сомасына7 адам.
- «NurOtan» партиясынан 30,0 мың теңге сомаға 8 адамға көмек көрсетілді.
Қайырымдылық жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, ҰОС және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне, ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарына азық-түлік жиынтығы түрінде көмек, үй жанындағы аумақты қоқыстан, астық қалдықтарынан, қатты отыннан жинау және шығару, азық-түлік және дәрі-дәрмек құралдарын жеткізу, картопты, бақшаны (егінді) жинау, үйдің шатырын жөндеу (бүлінген учаскені жөндеу) және т.б. көмек көрсетілді.
«Жасыл ел» волонтерлік жасағы мен аудан оқушылары Қарттар күніне арналған аға ұрпаққа ризашылықпен «Жүрек жылуы» акциясын өткізді, онда аулаларды жинауға, қыста отынкесуге, көмір дайындауға және т.б. көмек көрсетті.
Қарттар күніне орай аудан әкімі еңбек ардагерлерімен кездесті. Аудан орталығында, сондай-ақ ауданның барлық ауылдық округтерінде қарттар күніне орай қайырымдылық түскі ас, шай ішу, мерекелік концерттер өткізілді.
2021 жылдың 02 қазанында аудандық мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған шахматтан аудандық турнир өткізілді.