
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV ҚР Кодексінің 70 және 72-баптарына сәйкес бала тәрбиелеп отырған ата-аналар оның тәни, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты болады. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Бұл туралы бүгін ВКБ режимінде өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Қозыкеткен ауылдық округінде тұратын, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналарға қатысты жеке іс қаралды. Шешім қабылданды: отбасын мүдделі құрылымдардың бақылау есебіне қою, ата-анаға қатысты материалды ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша қарау үшін полиция бөліміне жолдау (кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерді орындамау). Екінші мәселе бойынша:" ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы " Л.К. Рахимжанова ақпарат берді.