Успен ауданында 2020 жылдың күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру

Успен ауданында 2020 жылдың күзінде азаматтарды  мерзімді әскери қызметке шақыру

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Успен ауданында мерзімді әскери қызметке азаматтарды күзгі шақыру басталды. Успен ауданында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №266 Жарлығысының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және өткізілген әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметтің  әскери қызметшілерінің резервіне ауыстыру туралы, және Қазақстан Республикасы азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру 2020 жылдың наурыз-маусым және қыркуйек-желтоқсан айларында өткізіледі.

        Успен ауданында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Занының және Успен ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпандағы «2020 жылдың наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізүді ұйымдастыру туралы» № 31/2 қаулысының талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.

        2020 жылдың күзінде Павлодар облысында 800-ден астам әскерге шақыру жолпарлануда, оның ішінде Успен ауданынан 20-дан астам шақырушылар бар. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері жоспарлы түрде жасақталуда, қазан-қараша айларында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланның әскери бөлімдерін жасақтау 2020 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

        Бұл ретте, әскерге шақырылушылар мен Қарулы Күштерді жасақтауға жұмылдырылған лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, алдын алу шараларын күшейту мақсатында облыстық жинау пункті мен аудандық шақыру пунктіне кіру кезінде медициналық бекеттерге (сүзгілерге) орналастырылды. Облыстық жинау пункті мен аудандық  шақыру пунктінің аумағында күн сайын дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі. Жас толықтырудың салтанатты жөнелтімдері жойылды. Облыстық медициналық комиссияның құрамына инфекциялық дәрігер енгізілді.

         Сонымен қатар, шақырудың негізгі міндеті әскерлерді дені сау және моральдық жағынан дайындалған жастарды жасақтау болып табылады.

         Осыған байланысты, шақыруды өткізу ушін жергілікті атқарушы органдар шақыру және медициналық комиссия құрады, оның төрағасы әкімнің орынбасары, ал медициналық комиссия аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болып табылады.

         Әскерге шақырылушыларды іріктеуді өткізудің ашықтығы үшін, сондай-ақ шақыру комиссиясының құрамына Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Қарулы күштердің, жергілікіті соғыстардың ардагерлері мен теологтар кіреді.

         Аталған комиссияның шешімі негізінде біздің жастарымыз әскерлерге аттанады.

         Әрбір әскер түрінде әскерге шақырылушы қандай әскери бөлімдерде қызмет ететінін анықтайтын белгілі бір талаптар бар. Мысалы: Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін IT-мамандықтары бойынша білім беру, сондай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлер мен арнайы мақсаттағы әскерлер үшін әскерге шақырылушының өсу параметрлері 170 см-ден төмен емес дене деректері маңызды, спортшыларға артықшылық беріледі.

         Бірақ Қарулы Күштер музыканттар, аспаздар, жүргізүшілер, байланысшылар және басқада көптеген мамандарды қажет етпейді.

         Жас толықтырумен әскери бөлімдерге шақырылғаннан және келгеннен кейін COVID-19 зертханалық тексеру ПЦР- зерттеу әдісімен жүргізіледі, оларды екі апталық карантинге оқшаулау. Карантин кезінде медециналық тексеру және жастылықтыруды әлеуметтік- психологиялық зерттеу, сондай ақ алғашқы әскери дайындық жүргізіледі.

         Шақырылған азаматтардын бір бөлігі 6 ай бойы әскери мамандықтар бойынша оқудан өтеді: механик- жүргізүшісі  БТР, БМП, танк, әртиллериалық және минамет қару- жарағының командирлері мен зауытшылары, инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күштердін оқу ортылықтарындағы байланыс мамандары.

         Оқу аяқталганнан кейін олар мамандар ретінде әскери бөлімдерге жіберілетін болады.

         Бұдан басқа, негізгі дағдылардын арасында әскер жастарды тәртіпке, жауап кершілікке, дербестікке үйретеді және физикалық күшпен төзімділікке ие болады.

         Әскерде берік достық, баурластық, әскери қызметшілер командада жұмыс істеуге, оқу- жаттығуда қиын жағдайларда міндеттерді орындауға, тез ойдауға және әрекет етуге үйренеді, олар әскери қару-жарақты меңгерудін, күрделі әскери техниканы пайдаланудын техникалық дағдыларын меңгереді.

         Бұл ретте, орта- техникалық немесе жоғары білімі бар әскери қызмет өткергеннен кейін 6 айдан кейін келісім шарт бойынша әскери қызметке кірүге құқығы бар. Яғни, егер әскерге шақырулышы өз өмірін әскери қызметпен байланыстыруды жоспарласа, ол жарты жылдан кейін келісім- шарт қызметіне кіре алады!

         Сондай ақ, шақыру кезеніңде азаматтардын әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға құқығы бар.

         Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша беріледі:

 

  • Отбасы жағдайлары бойынша;
  • Білім алуды жалғастыру үшін;
  • Денсаулық жағдайы бойынша;
  • Басқада себептер бойынша, мысалы:
  • Мұғалімдерге;
  • Ауылдық жердегі дәрігерлерге;

3) Парламент немесе жергілікті өкілді органдардын депутаттарына олардын өкілеттік мерзіміне;

     4) Тергеуде жүрген адамдарға;

     5) Азаматтық әуе кемелерінін ұшу экипаждарынын мүшелеріне, Азаматтық авиациянын инженерлеріне, механиктері мен техниктеріне;

          6) Кемелер экипаждарынын мүшелеріне;

     7) Құқық қорғау органдарынын білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.

Кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылардын санаттарды кенейтілгені манызды жаналық болды. Атап айтқанда, ке,йінге қалдыру енді қосымша беріледі:

  • барлық жұмыс мерзімінде мұғалімдерге;
  • құқық қорғау органдарынын білім беру ұйымдарында алғашқы даярлықтан өткен адамдарға.

 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес «азаматтардың әскери есепке алу бойынша міндеттерді орындамауы» 647-бабына сәйкес әскерге шақырылушыларға қатысты азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша келмеуі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ, аталған Кодекстің 648-бабына сәйкес «медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару», әскерге шақырылушылардың шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтаруы ескерту жасауға не үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, әскери қызметтен босату үшін заңды негіздер болмаған кезде әскери қызметке шақырудан жалтарған әскерге шақырылушыларға қатысты да қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қылмыстық кодекстің осы бабының 1-тармағына сәйкес бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің көрсетілген бабының 2-тармағына сәйкес құжаттарды жалған жасау немесе өзге де алдау арқылы сырқаттануын сылтау жолымен денсаулығына зиян келтіру арқылы әскери қызметке шақырудан жалтару не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ, Қорғаныс Министрілігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөледі. Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесіп тұрақты негізде әскери ұжымда салауатты атмосфераны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Әскери бөлімнің әрбір үй-жайында бейнебақылау жүргізіледі. Әрбір әскери бөлімде гарнизон Прокурорының және әскери полиция жасағы бастығының сенім жәшіктері орналастырылған, хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша дереу шешім қабылдау үшін адресаттарға келіп түседі.

Әрбір казармалық жерде, штабта, асханада, БӨП, клубта басшы құрамның барлық дәрежедегі Сенім телефондары туралы, оның ішінде қызметтік телефондардан қоңырау шалу үшін қолжетімді ақпарат орналыстырылған. Әскери қызметшілер кез келген уақытта оларға қоңырау шалу немесе қызметтік қызметтегі проблемалар туралы СМС-хабарлама жіберу мүмкіндігіне ие. Әрбір келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмаудың алдын алу бойынша қажетті жұмыстар жүргізіледі.

2018-2020 жылдар аралығында Успен ауданында әскерге шақырылғандар санының өсуі байқалады, бұл да ерікті түрде мерзімді әскери қызмет өткеру ниеті туралы айтылады.

Әскери қызметшілердің   басым бөлігі мерзімді әскери қызмет өткергеннын кейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскериқұрылымдары қатарында келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастырады, олардың кейбіреулері құқық қорғау және арнаулымемлекттік органдарға қызметке түседі.

Шақыру немесе кейінге қалдыру бөлігінде барлық мәселелер бойынша кеңес беру үшін Успен ауданы, Успен ауылы, Терешкова көшесі, 17 мекен-жайы бойынша орналасқан Успен ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жүгінуге болады, телефондар: 91-0-62, 91-8-79, онда жауапты лауазымды тұлғалар түсініктеме береді және сіздің барлық қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап береді.

 

 

Успен ауданы қорғаныс істері  жөніндегі

бөлімінің бастығы В.С.Герега, капитан