
Электр жабдықтарын дұрыс емес (теріс) қолданғандықтан, өрттердің себептері тұрғын үй электр құралдары, электр сымдары, электр розеткалары, ауыстырып-қосқыштар, ажыратқыштар болуы мүмкін. Тұрғын үй құралдары өртті құралдың техникалық ақаулығы болған кезде тудыруы мүмкін, оның нәтижесінде құрал ішінде қысқа мерзімге тұйықталу болады. Көбінесе электр шәйнектердің, үтіктердің, электр плиталардың, теледидарлардың, кір жуатын машиналардың және тағы басқа электр құралдарының қысқа мерзімге тұйықталу кездеседі. Сондықтан өртке жол бермеу үшін желіге қосылған шәйнектерді, үтіктерді, электр плиталарды, теледидарларды, кір жуатын машиналарды және тағы басқа электр құралдарды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Электр сымдары ұзақ уақытқа қолданылған кезде айтарлықтай тозады (ескіреді), оқшаулау деңгейі жоғалады. Сондықтан үйдегі электр сымдарын пайдаланылу бастамасынан кейін белгілі мерзімнен соң ауыстыру қажет. Оқшаулау бұзушылықтарымен электр сымдарын, бұзылған розеткалар мен ауыстырып-қосқыштарды қолдануға жол беруге болмайды. Электр сымдары жанбайтын табанда (іргетаста) немесе арнайы шоғырсым каналында монтаждалуы керек. Бұл текстолит, поранит, асбест не басқа жанбайтын материал болу мүмкін. Сымдарды немесе розеткаларды ағашта не тұсқағаздарда монтаждауға тыйым салынады, бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Электр құралдары мен электр сымдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өте маңызды әрі негізгі шарасы электр желілерінің қысқа мерзімге тұйықталу және шамадан тыс артудан қорғаныш құрылғысын пайдалану болып табылады. Ол автоматты немесе ерігіш түріндегі тежегіш (сақтандырғыш) болуы мүмкін. Электр желісінде немесе электр құралдарында шамадан тыс арту не қысқа мерзімге тұйықталу пайда болған кезде тежегіштер іске қосылады, электр желісін ажыратады және сонымен өртенудің алдын алады. Сондықтан қорғаныш құрылғыларында сымнан жасалған «кішкентай қоңыз» деп аталатын калибрлік емес ендірмелерді пайдалануға немесе жұмыстың апаттық тәртіптерінен қорғаныссыз электр желісін пайдалануға тыйым салынады. Қысқа мерзімге тұйықталу және шамадан тыс артудың барлық қорғаныш құралдарында ток күші көрсеткіштері мен басқа параметрлері бар. Сондықтан тежегіштерді дұрыс таңдап алу үшін білікті маманға жүгіну қажет.
Өрттің пайда болуынан ешкім сақтандырылмаған. Алайда, егер өрт қауіпсіздігі ережелерінің барлық шараларын сақтаса және отты қолданғанда абай (сақ) болса, өрттің алдын алу болады. Өрттен тигізілген материалдық зиян өз үйіңізді өртке қауіпсіз жағдайға келтіру үшін шығындалатын қаржыдан жүз не мың есе көп болуы мүмкін екендігін есте сақтау қажет.
Успен ауданының ТЖБ сенім телефоны 91-0-23.
Успен ауданың ТЖБ