Лого

Меню

Страницы

Статья

Жаңа Конституциямен жаңа мемлекеттік модельге көшу

Конституциялық реформа-бұл Президенттің 2019 жылдан бергі барлық саяси реформаларының қисынды жалғасы. Олар бойынша 10 заң қабылданды. Референдумда әрбір азамат ел тағдырын шешуге және жаңа Қазақстанды құруға тікелей қатысты. 27 жыл ішінде ҚР Конституциясына төрт рет түзетулер енгізіліп, 60-қа жуық бап қозғалды. Олардың барлығы Парламентте мақұлданды. Құжат мүлдем жаңа өлшемге ие болады және өзгерістер бүкіл мемлекет үшін тағдыршешті мәнге ие болады.
Президент құжаттың 33 бабына 56 түзету енгізу туралы бастама көтерді. Олардың негізгілері.
I БЛОК. Супер-президенттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу. Бұл қалай жүзеге асырылады: 1. Президент саяси партияда болмайды.
2. Президенттің жақын туыстары мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектордың басшылығында жұмыс істемейді.

3. Президенттің аудандар, қалалар және ауылдық округтер әкімдері қызметінен босатуға құқығы болмайды.
II БЛОК бірқатар билікті қайта бөлу.
1. Сенаттағы президенттік квота 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарады.
2. Сенат Конституциялық Кеңес пен Жоғары Сот Кеңесі төрағаларының кандидатураларын келісетін болады.
3. 11 судьядан тұратын Конституциялық сот құру.
4. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палатаға қайта құрылады. Бұл депутаттардың бюджетке бақылауын кеңейтеді.

Дата публикации
24 августа 2022
Дата обновления
24 августа 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы