Лого

Меню

Страницы

Статья

Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдер - ең танымал сұраулардың бірі

Қазақстанда әлеуметтік төлемдер бойынша ең танымал сұраулардың бірі – жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды ресімдеу және оны алу жолы. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі 1414 байланыс орталығына осыған байланысты көп сұрақ келіп түседі. Бұл мәселе бойынша көрсетілген қызметтің үлесі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша барлық өтініштің шамамен 20 пайызы болады.                                Келіп түсетін сұраулардың бәрінен 2,6% Павлодар облысына тиесілі. Байланыс орталығы мынадай бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер.                                Қызмет көрсету барысында байланыс орталығының мамандары ҚР ЕХӘҚМ-нің «Е-Макет» және «Зейнетақы және жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры» ақпараттық жүйелерін пайдаланады.         Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдап, қызмет көрсетеді.                                     Клиенттерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Telegram, Instagram, Faceboоk әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялауды жалғастырады.

Дата публикации
12 августа 2022
Дата обновления
12 августа 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы