Лого

Меню

Страницы

Статья

Жазғы демалыстың ыстық күндері

Жаз – көбінесе біздің балалар үшін, алаңсыздықпен көңіл-күйдің кезі. Ата-аналарға шамадан тыс ұқыпты болу керек, демалыс орындарда неше түрлі қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан барлық ата-аналарға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіз ережелермен танысқан жөн, демекші, оны балаларғада айтқан жөн. Сөз мектепке дейінгі балалардың жазғы қауіпсіздігі ғана емес, көптеген орта және үлкен сыныптағы оқушыларда демалыс кезінде қателіктер жіберіп, ден саулығына зиан әкеліп жатады.

Жазда судағы қауіпсіздік

Көптеген отбасы жаздың ыстық кезеңдерін су жағасында өткізгенді қалайды. Үлкендер мен кішілерде қуана суға түсіп, таза ауамен демалып, күнге қыздырынады. Бірақта су қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан да демалыс орнына барар алдында келесі ережелермен танысқан жөн:

- Баларға Сіздің қарауынсыз суға шомылуға рұқсат етпеңіз, әсіресе үрлемелі матрастар немесе үрлемелі доңғалақтармен.

- Суға тек күртеше немесе жеңге киетін құтқару құралдарымен ғана жіберіңіз.

- Судың астына тығылатын немесе бір-бірін тұншықтыратын ойындарды ойнауға рұқсат етпеңіздер. Бұндай ойындардың арты қайғылы душарға алып келеді.

- Шомылу белгілерінен және таныс емес жерде сүңгуге рұқсат етпеңіздер, ол жерде көбінесе тастармен ағаш қалдықтары жарақатқа әкеледі.

- Суық тимес үшін баланың суда жүру уақытын қадағалаңыз.

- Күн сәулесінен күйіп қалмау үшін баланың денесін арнайы күннен қорғау құралын жағыңыз.

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды сауықтандыру лагерлерінің, туристік фирмалардың және демалыс аймақтарының басшылары!

Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.

Успен ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
07 июля 2022
Дата обновления
07 июля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы