Лого

Меню

Страницы

Статья

Суда сақ болыңыздар!

Аудан аумағында суға түсуге (шомылуға) рұқсат берілген арнайы жабдықталған орындар жоқ, сондықтан стихиялық шомылу әрдайым қауіп-қатер төндіреді. Суға түсу маусымы басталысымен су айдындарында апатқа түскен адамдардың саны күрт артады. Қазіргі уақытта су айдынының түбі тым лайланған, судағы қозғалысты қатты қиындататын балдырлар мен шылаулардың үлкен қабаттары бар, суға батып кету үрейі туындайды. Ауданның су айдындарында шомылуға тыйым салынады, біз бірінші кезекте,  осыған ата-аналар мен тәрбиелешілердің көңілін аударамыз.

Негізінде, судағы жазым уақиғалар балаларды қараусыз қалдыру, мас күйінде шомылу және судағы тәртіп ережелерін ескермеумен байланысты болады.

Суда бәлеге түспеу үшін, судағы қарапайым ережелерді мүлтіксіз орындау керек:

  • Тыйым салынған жерлерде суға түспеу;
  • бейтаныс жерлерде суға түспеу;
  • шектегіш қалқыма белгілерден (буйлардан) ары қарай жүзбеу;
  • суға көпірлерден, кеме аялдайтын орындардан, бөгеттерден (дамбалардан) секірмеу;
  • суға түскен (шомылып жатқан) балаларды қараусыз қалдырмау; өтіп бара жатқан қайықтар мен кемелерге жүзіп бармау;
  • алкогольдік мастық күйінде суға түспеу.

 

Сондай-ақ, суға бату жағдайында алғашқы көмекті көрсете білу керек:

- зардап шеккен адамды судан шығару;

- аузын балдырлар мен шылаулардан тазарту;

 - өзіңіздің тізеңізге басымен төмен қарай қаратып ішімен жатқызу және арқасынан қағып отырып, өкпелерінен суды барынша шығару;

- дем алысы мен жүрек жігерлілігі (қызметі) болмаған жағдайда, арқасына жатқызып реанимациялық іс-шараларды (қолдан дем алдыру, жүректі жанамалы уқалау) бастау;

 - дәрігерді шақыру (зардап шеккен адамды емдеу орнына жеткізу). 

Осы ережелерді сақтамау су айдындарында жазым уақиғаларға, сондай-ақ нәтижесінде өлімге ұшырауға әкеп соқтырады.

 

 

 

Успен ауданының ТЖБ

Дата публикации
30 июня 2022
Дата обновления
30 июня 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы