Лого

Меню

Страницы

Статья

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Өрт туындауына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар:
         -автокөліктің тораптары мен механизмдерін жарамды жағдайда ұстау;
        -аккумуляторды тікелей көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға тыйым салынады;
        -гараж үй-жайларын жылытуға, жарықтандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін(от, жалын, қыздыру лампалары),сонымен қатар қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдаланбаңыздар;
        -гараж үй-жайларында жанатын материалдардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйықтықтар мен тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтамаңыздар;
       -гараж үй-жайларында темекі шегуге тыйым салынады;
       -өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізушіге тез арада автокөлікті тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, аккумулятор батареясын ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, 101, 112 телефондары арқылы болған жағдай туралы хабарлау қажет. Содан кейін өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіру бойынша шаралар қабылдау қажет.
       Автокөліктегі өрттенудің негізгі себептері: электр сымдарының қысқа тұйықталуы, автомобиль салонында шылым шегу кезінде абайсыз болу, отын, майдың ағуы және қозғалтқыштың қызып тұрған бетіне тиюі, қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты пайдалану, электр газ дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде отпен абайсыз болу.

 

Успен ауданының ТЖБ

Дата публикации
02 июня 2022
Дата обновления
02 июня 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы