Успен ХҚКО филиалының алаңында Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары келушілермен кездесіп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді:
- "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру".
- "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру".
- "Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарына, шикізат пен өнімнің жаңа түрлеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларының сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"
- "Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру".