Лого

Меню

Страницы

Статья

Өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсету барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы бүгінгі күні «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бектіу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына сәйкес, төрт мемлекеттік қызмет көрсетеді;

  • Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағындатасуға карантиндік сертификат беру"
  • «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тысжерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру"
  • «Ғылыми-зерттеумақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу"
  • Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру"

2020 жылдың қорытынды ақпаратына сәйкес, инспекциямен 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру кезінде 33 мемлекеттік қызмет көрсетілген және карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру кезінде 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету толық «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.

         2021 жылдың 11 ай ішінде, 1558 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру кезінде 1349 мемлекеттік қызмет көрсетілген және карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру кезінде 209 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету толық «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылды.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде карантинге жатқызылған өнімдерді экспортау көлемі 2021 жыл басынан – күнжара 49 тонна,  пияз – 20тонна құрады.

         Өсімдіктер карантині саласында барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

  Сонымен бірге, «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы  11 ақпандағы N 344-I Заңы 13-і-бабы 5-тармағына сәйкес,   Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың, карантиндік сертификаттың бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат қалалық және аудандық деңгейдегі әкімшіліктің ресми сайттарында орналастырылады.

  Мемлекеттік қызметті алушылар үшін, қолжетімді жерлерде «ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшіктер орнатылған.

Инспекция басшысы жұмы күні жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

Инспекция және инспекцияның ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша жұмыс жүргізеді. Талдау нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан жүргізіледі. Көрсетілген іс-шаралар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ инспекция жұмысының ашықтығы мен айқындығына бағытталған.

 

«ҚР АШМ АӨК Успен ауданды аумақты инспекциясы» ММ

Дата публикации
31 декабря 2021
Дата обновления
31 декабря 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы