
Туляремия – бұл инфекцияның кіру жолдарынан (көз, өкпе, асқазан-ішек жолы және т.б.) тәуелді безгек, лимфа түйіндері мен басқа ағзаларды әсер ету құбылыстармен мінезделетін табиғи ошақты қатал инфекциялық ауыру. Туляремия қоздырғышы – Francisella tularensis, Francisella туыстығына жатады. Оның қозғаушысы сыртқы айналада: су, дымқыл жер, дақыл, сабан, азық-түлік өнімдерде ұзақ мерзімге дейін сақталады. Микроб әдетті дезинфекциялау ерітінділермен оңай жойылады және қайнатылған суда өледі, кебу мен тікелей күн нұрының әсеріне орнықты емес. Инфекция көздері: Кеміргіштер: Су егеуқұйрық, ондатра, қоян, су тышқандар мен тышқандардың барлық түрлері. Туляремия инфекцияның сақтаушылары мен тасымалдаушылары болып иксолдты кенелер үлкен рөлін ойнайды. Адам организміне туляримия қозғаушысы жарақатталған тері мен көздің шырықшы қабықшасы, ас сіңіру және дем алу жолдар арқылы кіреді. Туляримияның айырықшық ерекшелігімен, адамның жұқтыру механизмдер мен жолдардың әр түрлілігі болып табылады, себебі кеміргештердің бөліністері, олардың іріп-шіріген мәйіттері сабан, дақыл, су қоймаларын, азық-түлік өнімдерін ластайды. Ауру таратушы кене, маса, соналардың шаққан жерін қасығаннан, не дене сыртында оларды жаншып өлтірген кезде де жұғуы ықтимал. Жасырын мерзімі орташа 8-12 күн болып келеді, ауру дене қызуының 38-40 градусқа дейін көтерілуден, қалтыраудан, қатты бас аурудан, әлсіздіктен, бұлшық еттің аурудан (белдің және балтыр аяқты бұлшық еттердің маңайыда), балық аулаған кезде су айдыны, өзен жайылмалардың жанынан кене, сона, масалардың шағуынан қатал басталады. 2-3 күнде организмге микробтар енген орынның жанынан (мойын, құлақ, қолтық ойпаты, шап маңайлары мен басқа жерлерде) лимфа түйінділері ұлғаяды.Жиі тамақ ауруы, көз ауруы, қысқы мерзімде созылмалы пневмония аурулары байқалады. Туляремия ауруынан сақтану үшін бұл ауруға қарсы алдын ала егілу керек, елді мекендерде кеміргіштерді құртып, үй, қора-жай, құдық маңының санитарлық тазалығына көңіл аудару керек, азық-түліктің, астықтың сақталатын жерлерінде кеміргіштердің қоныстануын болдырмау, індерін цементпен, шыны-темір сынықтарымен бітеу керек. Далалық жерде жұмыс жасаған кезде көйлектің, шалбардың жең-балақтарын байлап, қайта-қайта тексеріп тұрған жөн, су алу арнасын тазалап, құдықтардың аузы шегенделіп, жабылып, тазаланып тұруы қажет. Аурудың алғашқы белгілері анықталған кезде, өз өзімен емделмей, медициналық жәрдем алу үшін өтіну қажет.
Успен аудандық санитариялық –эпидемиологиялық бақылау
басқармасы