
Кеміргіштер қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып табылады: геморрагиялық қызба, туляремия, лептоспироз, псевдотуберкулез, оба, листериоз және басқалары.
Негізгі ауру тасымалдайтын кеміргіштер - сұр егеуқұйрық, қара егеуқұйрық және үй тышқаны болып табылады, олар үшін адамдардың үй-жайы басты мекендеу ортасы болып саналады. Табиғи жағдайда қыр тышқаны, қызыл-сұр тышқан тасымалдаушы болуы мүмкін.
Жұқтырылған кеміргіштердің тұрғын үйлер мен кәсіпорын аумақтарына ену мүмкіндігін ескере отырып, адам үшін тұрмыста және өндірісте табиғи-ошақтық жұқпалармен жұғу қатері бар. Ауалы-шаң арқылы (шаңмен бірге кеміргіштердің кеуіп қалған қиын иіскеген кезде); тағам арқылы (кеміргіштер бөлген заттармен ластанған тағамдарды, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді пайдаланған кезде); қатынасу арқылы (жұқтырылған сыртқы орта объектілерімен қатынасу (шыбық, салам, шөп, өлтірілген жануарлардың етін бөлгенде немесе жануар тістегенде); ауызсумен (суды ішкен кезде).