
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрініңкейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 24 шілдедегі № 237 "фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну ережелері" ұсынылады:
қызметтері мемлекеттік фитосанитариялық бақылаудағы объектілермен байланысы бар жеке және заңды тұлғалар (ары қарай - фитосанитариялық есепке алу субъектілері),фитосанитариялық есепке алунысандарын фитосанитариялық есепке алу субъектілері аудандық инспекцияға есептердің келесі түрлері бойынша және мерзімдерде ұсынылады:
Фитосанитариялық есептілікті ұсынбау тәртібін бұзғаны үшін "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі" 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ, 403-баптың 1-тармағы келесі шараларды айқындайды:"Фитосанитариялық есептілікті ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау– жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалар "ҚР АШМ АӨК МИК Успен ААИ" ММ-не уақтылы және мерзімде фитосанитариялық есептілікті ұсынуға міндетті.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі жетекші маман - инспектор Жанғазинов Арсен Талғатұлы,
тел: 87774505025