Лого

Меню

Страницы

Статья

Бруцеллез – қауіпті ауру

Бруцеллез – еңбекке қабілеттілігінен ұзақ уақытқа арылуына, кейде тіпті мүгедектілікке әкеліп соғатын жұқпалы ауру.

Бруцеллезбен барлық ауылшаруашылық жануарлар, бірақ жиі қойлар, ешкілер, ірі қара мал және шошқалар ауруы мүмкін. Адамдарға бруцеллезбен ауыратын қой мен ешкіден ауру жұққан жағдайда, тіпті үнемі ауыр ауру ағымы байқалады.

Сау жануарлар ауру жануарлардан бірге араласқан жағдайда жұқтырылады. Бруцеллездің жануарларда жиі кездесетін белгісі түсік, өлі төлді туу болып табылады.

Ауру жануарлар түсік тастағанда, төлдегенде және торайлағанда қоршаған орта үшін өте қауіпті. Малды күткен кезде қимен және жануарлардың бөлістерімен ластанған қол арқылы, тамақтанғанда және шылым атқанда, сондай-ақ ауру жануардың шикі сүті мен сүзбесін жегенде қауіпсіздік шараларын қолданбайтын адамдар жұқтырылады.

Аурудың белгілері жұқтырылғаннан кейін 2-3 аптадан, бір айдан соң байқалады, дене қызуы 39-40 градусқа дейін жоғарлайды, қызба, бас ауруы, әлсіздік, қалтырау және терлеу сияқты белгілер байқалады.  Кейін буындар ауырып, ісіну пайда болады.

Бруцеллезді емдегеннен гөрі, ескерткен жөн. Адамдардың бруцеллезге жұғуын болдырмау үшін жануарлардың ауруына қарсы күресу керек, мынадай ережелерді сақтаған жөн:

- жануарда болған әрбір түсік жөнінде ветеринар дәрігерге хабарлау;

- түсік болған жануарларды басқалардан оқшаулау;

- түсік тасталған ұрықты ветеринарлық зертханаға жіберу;

- бруцеллезбен ауыратын жануарды күткен кезде арнайы киім кию қажет – халат немесе комбинезон, резеңке қолғап, былғары немесе резеңке етік;

- бруцеллезбен ауыратын жануар тұрған үй-жайда шылым атуға, ішуге, тамақтануға және демалуға болмайды;

- жаңа төлдеген жануарларды үйге енгізбеу – олармен бірге бруцеллез микробтары енуі мүмкін;

- бруцеллезбен ауыратын жануарлардың шикі сүтін ішуге және сатуға болмайды. Бұндай сүтті қайнатып, пастерлеу қажет;

- бруцеллезбен ауыратын жануарлардың етін тамаққа пайдаланар алдында әбден пісіру қажет.

Осы ережелерді қатаң түрде сақтаңыз және емделуді ерте бастасаңыз, толық емделіп шығуға болатынын есте сақтаңыз.

 

Успен ауданының СЭБ басқармасы

Дата публикации
19 марта 2021
Дата обновления
19 марта 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы