
Туберкулез – жұқпалы ауру, ол адам ағзасына туберкулездің микробактериялары енгенде дами бастайды. Туберкулезбен ауыратын адам және оның шығындылары, әсіресе қақырығы негізгі жұқпа көзі болып табылады. Туберкулезді ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде жұқтыру мүмкін.
Аурудың ерте анықталуы туберкулезді емдеудің ең маңызды шарты болып табылады.
Туберкулездің негізгі белгілері:
- 2 аптадан астам уақыт жөтелу, қақырық шығару;
- Дене салмағының кемуі;
- Түнгі терлеу;
- Дене температурасының 37,00 С-37,90 С көтерілуі (әсіресе кешке);
- Жалпы әлсіздік, тез шаршау;
- Кеуде ауруы.
Ауруды дер кезінде және нақты анықтау үшін науқасты тексеру қажет. Қазіргі кезеңде ауруды анықтаудың ең сенімді әдістері: бактериологиялық (қақырықты зерттеу), балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасын енгізу, рентгенологиялық.
Туберкулездің алдын алу мыналарға бөлінеді, тікелей ауру қоздырғышына бағытталған - ерекше (вакциналау) әдісі және сау адамдар арасында аурудың алдын алуға бағытталған – санитарлық әдісі.
Туберкулездің алдын алу шаралары:
Туберкулез – бұл әлеуметтік проблема, оны толығымен медицина қызметкерлерінің арқасына жүктеуге болмайды. Әр адам өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарамаған, халық өмірінің лайықты болуы үшін әлеуметтік кепілдік болмаған жағдайда, туберкулез ауруы келешектің басты қауіп-қатері болып қалуы мүмкін.
Успен аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау
басқармасы