
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін қажетті еңбек ресурстарымен күшейтуге бағытталған «Дипломмен - ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды
Осы жоба бойынша жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы төлеу және бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит (100 АЕК — 277 800 теңге, 1500 АЕК — 4 167 000 теңге) түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көзделген.
Осы жоба бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларына бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жобаның ең басында «Дипломмен-ауылға!» әлеуметтік қолдау тек әлеуметтік салаға: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көрсетілді.
Тек ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға екі рет өзгерістер енгізілді. Соңғысы 2020 жылдың 30 қыркүйегінде. Осы өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік қолдауды енді басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері ала алады.
Жобаға қатысқысы келетіндер үшін жалғыз критерий - бұл тек дипломның болуы. Жоба мамандарға олардың білім деңгейіне және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне байланысты әлеуметтік қолдау шараларын көрсетудің градациясын көздемейді.
Ауданның жергілікті атқарушы органы алдағы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесін қалыптастырады, ол Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады және мәлімет үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынылады.
Осы тізбеге сәйкес ауылдарда неғұрлым сұранысқа ие мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады. Тізбеде көтерме жәрдемақы және алдағы кезеңге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың және/немесе олардың мамандықтарының атауы мен саны көрсетіледі.
2020 жылы әлеуметтік саланың 18 маманы 4 873,4 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алды, оның ішінде білім беру саласында – 3 257,4 мың теңге сомасында 12 маман, денсаулық сақтау саласында – 1 338,2 мың теңге сомасында 5 маман, мәдениет саласында – 277,8 мың теңге сомасында 1 маман.
2020 жылы тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік саланың 17 маманы 64 993,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредит алды, оның ішінде: білім беру саласында – 12 маман 44 764,5 мың теңге сомасында; денсаулық сақтау саласында – 2 маман 8 143,5 мың теңге сомасында; мәдениет саласында – 3 маман 12 085,0 мың теңге сомасында.
«Дипломмен-ауылға!» жобасы іске қосылған 2009 жылдан 2020 жылға дейін мамандарға мынадай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді:
- көтерме жәрдемақы түрінде - 329 маманға 46 392,0 мың теңге сомасында.
– тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие түрінде-159 маманға 416 557,4 мың теңге сомасында.
«Дипломмен-ауылға!» бағдарламасы оң нәтиже көрсетіп отыр, өйткені жоба бойынша келген мамандардың 65% Успен ауданында қалды.
|
|
Успен ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы
Е.В.Цымбал
|