
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін сою пункттерін және мал өнімдерін қайта өңдеу нысандарын салуға немесе реконструкциялауға мемлекеттік қолдау көрсетілуде.
Жеңілдетілген несие шарттары:
Жылдық мөлшерлемесі – 2,5%
Несие мерзімі – 10 жылға дейін
Бұл қолдау мал сою пункттерін, сою алаңдарын, мал өнімдерін өңдеу кәсіпорындарын ашуға немесе кеңейтуге ниетті кәсіпкерлерге арналған.
Осы бағытта кәсіп ашуға немесе жобаны іске асыруға ниетті азаматтарды мемлекеттік қолдау мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті ауыл шаруашылығы бөліміне немесе ҚР АШМ ВБ ж ҚК Успен аудандық аумақтық инспекцияға хабарласуға болады. Тел: 87183491-6-36.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Мемлекеттік қолдау – табысты бизнеске бастар жол!