Лого

Меню

Страницы

Статья

Қарасан ауруы

Қарасан ауруы – алдын алуға болатын қауіпті дерт!

Қарасан – ірі қара малда кездесетін аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Аурудың қоздырғышы – топырақта ұзақ жылдар сақталатын Clostridium chauvoei бактериясы. Көбінесе 6 айдан 3 жасқа дейінгі жас мал ауырады.

Аурудың негізгі белгілері:

Дене қызуының көтерілуі;

Малдың тәбетінің төмендеуі, әлсіреуі;

Аяқ, сан, жауырын немесе мойын тұсында ауырсынатын ісіктердің пайда болуы;

Ісік басқанда сықырлаған дыбыс шығуы;

Малдың ақсауы және қысқа уақыт ішінде өліп кетуі.

Қарасан өте жылдам дамиды. Сондықтан алғашқы белгілері байқалған жағдайда уақыт жоғалтпай ветеринариялық маманға хабарлау қажет.

Алдын алу жолдары:

Малды жыл сайын қарасанға қарсы вакцинациялау;

Ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды уақытылы жүргізу;

Мал жайылымдарын санитариялық талаптарға сай пайдалану;

Өлген малды ветеринариялық талаптарға сәйкес жою;

Жаңадан әкелінген малды ветеринариялық тексеруден өткізу.

Қарасанның емі көбіне нәтиже бермейтіндіктен, ең тиімді қорғаныс – уақтылы вакцинация және алдын алу шаралары.

Малдың саулығы – шаруашылықтың берекесі. Әрбір мал иесін ветеринариялық талаптарды сақтауға және профилактикалық екпелерден бас тартпауға шақырамыз.

Дата публикации
14 августа 2026
Дата обновления
14 августа 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы