Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – қоғам игілігі мен мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіретін, жеке мақсаттарға жетуге олжа, артықшылық алу үшін мемлекеттік билікті, лаузымды өз пайдасына қолдану. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік  басқарудың барлық салаларында жағымсыз салдарға әкеп соғады, азаматтардың құқықтық принциптері мен конституциялық құқықтарын бұзады.

 

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес оның барлық көрінетін кезеңдерінде белсенді түрде жүргізілуде, мейлі ол мемлекеттік органның қатарындағы қызметкерлері болсын немесе жоғарғы лауазымды биліктің өкілі, кәсіпкер, азаматтық қоғамның өкілі болсын, жауапкершілікке бәрі бірдей тартылатыны айқын.

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда жұмыс істейтін лауазымды адамдар жүзеге асыруы тиіс, сондықтан әрбір азамат сыбайлас жемқорлық сияқты зұлымдыққа қарсы тұруға және ақпарат алған кезде дереу жолын кесуге тиіс, әсіресе хабарлау жөніндегі барлық тетіктер, оның ішінде анонимді түрде хабарлау, арнаулы мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлықтық қылмыс жасағаны немесе дайындалып жатқаны туралы заңдарда бар және сипатталған.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бакітілген 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдаманы,  нақты іс-қимыл жоспарымен және қоғамдық бақылаумен енгізу жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру парақорлыққа және сыбайлас жемқорлық көріністерінің басқа да нысандарына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет біздің мемлекетіміздегі барлық құқықтық қатынастардың басында болуға тиіс.

 

Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – елдің мәдени, экономикалық және рухани бағытта дамуын қамтамасыз етеді, азаматттардың өмір сүру деңгйін арттырады және заманауи технологияларды әзірлеуде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

 

 

                                                                             Успен ауданының әкімі

                                                                              Н. А. Мақашев

Дата публикации
26 июня 2026
Дата обновления
26 июня 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы