Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің жауы.

 Мемлекеттік қызметшінің басты ұстанымы құқыққа қайшы әрекеттер мен іс-әрекеттердің жолын кесуге ықпал ететін парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру болып табылады.

    Успен аудандық аумақтық инспекциясында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіледі. Апта сайын қызметшілерді құқықтық оқыту жүргізіледі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған. Инспекциядағы стендтерде өсімдіктер карантині және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық ағарту бойынша ақпарат берілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірыңғай саll-орталығы (1424) көрсетіле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттық-түсіндіру материалдары барлық жерде ілінді. Өсімдіктер карантині, сыртқы карантинді фитосанитариялық есепке алу, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан Әкімінің сайтында ақпараттық-түсіндіру сипаттағы мақалалар жарияланады. Инспекцияның әрбір қызметшісі үшін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін" басшылық ету және қатаң сақтау құқықтық сауаттылықты арттыру үшін негіз болып табылады.

Дата публикации
26 июня 2026
Дата обновления
26 июня 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы