
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту мақсатында, мемлекеттік органдардың жұмыс барысында электрондық қызмет қолданысынын артуына ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда мемлекеттік органдарға бару қажеттілігі алынып тасталып, мемлекетік органдардың қызметкерлері мен көрсетілетін (бұдан –әрі) қызмет алушылар арасында байланыстар саны қысқартылды.
Цифрлық мемлекетке көшу, мемлекеттік қызмет алу рәсімін жеңілдетуге, сапасын арттыруға және қағаз құжаттарын жинақтаумауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған қызметтер алу үшін өтінімді Ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеуші (elicense.kz) Электрондық лицензиялау порталы арқылы жолдауға мүмкіндік бар. Бүгінгі күні ҚР АШМ ВБ ж ҚК-нің Успен аудандық аумақтық инспекциясы қандай мемлекеттік қызмет көрсете алады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 бұйрығына сай, «Экспорттау кезінде орны ауыстыратын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» мен «мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық – санитариялық қорытынды беру» жөнінде, «жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді,және өткізуді жүзеге асыратын ондіріс объектілеріне, сондай –ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы мамырдағы №7-1/37 бұйрығына, және тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарын басшылыққа алып мемлекеттік қызмет көрсетіледі.