Лого

Меню

Страницы

Статья

Скринингтік тексерулер не үшін маңызды?

Аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл, әсіресе, онкологиялық және жүрек-қантамыр ауруларына қатысты, себебі олар әлі де аурушаңдық пен өлім-жітімнің негізгі себептері қатарында.

 

Скринингтік тексерулер не үшін маңызды?

Скрининг – бұл сырттай сау көрінетін адамдарды ауру белгілері әлі байқалмаған кезеңде анықтауға бағытталған профилактикалық тексеру. Дәл осы кезеңде емдеу ең тиімді, шығыны аз және науқастың өмір сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

 

Скринингтік тексерулерден жүйелі түрде өту: ауыр асқынулар қаупін төмендетеді, ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді, онкологиялық және жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтады, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.

 

Қан айналымы жүйесінің аурулары мүгедектік пен мерзімінен бұрын өлімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр. 2025 жылы ауданымызда қан айналымы жүйесі ауруларына арналған скрининг толық көлемде өткізілді:

жоспар – 1137 адам, орындалуы – 100%. Бұл профилактикалық жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және тұрғындардың тексеруден уақтылы өтіп, саналы көзқарас танытқанын көрсетеді.

 

Онкологиялық ауруларды скринингтен өткізуге ерекше көңіл бөлінеді, өйткені ерте диагностика көп жағдайда толық сауығуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданда төмендегідей нәтижелер тіркелді:

 

  1. Жатыр мойны обыры: жоспар – 617, тексерілгені – 555 адам
  2. Сүт безі обыры: жоспар – 824, тексерілгені – 763 адам
  3. Колоректальды обыр: жоспар – 949, тексерілгені – 949 адам

 

Медицина қызметкерлері аудан тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, профилактикалық және скринингтік тексерулерден өтуді кейінге қалдырмауға, емхананың шақыруларына уақытылы жауап беруге және шағымдар болмаса да тексеруден өтуге шақырады. Себебі ауруларды ерте анықтау денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті және өмірді сақтаудың басты кепілі болып табылады.

Дата публикации
30 декабря 2025
Дата обновления
30 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы