Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік құрылымның, билік институттарының және азаматтық қоғамның кез келген моделінің әлеуметтік - экономикалық дамуы үшін басты тежеуіш факторы болып табылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еркін, өркениетті, әлемде өмір сүргісі келетіндердің барлығына ортақ міндет болып табылады.

         Мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымы құқыққа қайшы әрекеттер мен іс-әрекеттердің жолын кесуге ықпал ететін парасаттылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру болып табылады.

         Успен ауданының аумақтық инспекциясында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіледі. Апта сайын қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушіліктерін қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған құқықтық оқытулар жүргізіледі.            Инспекциядағы стендтерде өсімдіктер карантині және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық ағарту бойынша ақпарат орналатырылған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірыңғай call-орталығын (1424) көрсете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттық-түсіндіру материалдары барлық жерде ілінді.

          Өсімдіктер карантині, сыртқы карантинді фитосанитариялық есепке алу, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімі аппаратының сайтында ақпараттық-түсіндіру сипатындағы мақалалар жарияланады.

          Инспекцияның әрбір қызметшісі үшін "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін" басшылыққа алу және қатаң сақтау, халыққа құқықтық сауаттылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін негіз болып табылады.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл-әрбір азаматтың міндеті.

 

«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.

Успен ауылы, Терешкова көшесі, 28.

Дата публикации
09 декабря 2025
Дата обновления
09 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы