Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!!!

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын және әртүрлі түрдегі, өндірістегі пестицидтерді пайдаланатын барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне ескерту!

2020 жылғы 8 маусымдағы №197 ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің» 81-тармағына сәйкес, химиялық жұмыстар жүргізілгеннен кейін пестицидтер құйылған металл және арнайы полимер ыдыстары (таралары) жабдықтаушыларға (сатушыларға) залалсыздандырылмаған күйде қайтарылуы тиіс. Пестицидтер ыдысын қайтару кезінде **жеткізушімен жасалған шарт негізінде қабылдау-тапсыру актісі** жасалуы қажет.

Егер бұл талап орындалмаған жағдайда, ыдыстарды жою немесе кәдеге жарату алдында оларды **арнайы нұсқаулықтарға сәйкес залалсыздандыру** қажет болады (пестицидтің нақты түріне байланысты утилизациялау немесе жою бойынша ұсыныстарға сай).

Сондай-ақ, сіздер пайдаланатын барлық пестицидтер **Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат етілген** препараттар тізімінде болуы тиіс.

 

Құрметпен «ҚР АШМ АӨК МИК Успен ААИ" мм

Дата публикации
03 октября 2025
Дата обновления
03 октября 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы