
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды дегеніміз не?
Ветеринариялық-санитариялық қорытынды - объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі немесе объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы құжат.
Қызметті қалай алуға болады?
Онлайн
Қызмет алушылар: Жеке және заңды тұлғалар
Қызмет бағасы: Ақылы (бланкіге төлем жасалады)
Қызмет көрсету уақыты: 4 жұмыс күні;
Өндіріс объектілеріне есепке алу нөмірін беру – 2 жұмыс күні.
Қызмет көрсетуші:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы.
Қызмет көрсету орны:
Успен ауылы, Терешкова көшесі, 28 үй.
Cіз қызметті портал арқылы ала аласыз?
1. «Электрондық үкімет» порталына кіріп, «Электрондық лицензиялау» порталына өтесіз.
2. "Электрондық лицензиялау" порталында авторизациядан өтіңіз немесе тіркеліңіз.
3. "Онлайн сұратым" батырмасын басқаннан кейін ашылған "электрондық лицензиялау" порталының бетінде Өтініш беру" сілтемесін басып өтіңіз.
4. Өтінішті толтырып ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
5. Берілген өтініштің мәртебесін "Менің өтініштерім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарламаны алу туралы "Менің хабарламаларым" бөлімінен біле аласыз.
Порталдың жұмыс кестесі:
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Қызмет нәтижесі:
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.