
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы негізінде заңнамаға келесі түзетулер енгізілді:
Барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әртүрлі шараларды қамтитын ведомстволық бағдарламалар мен жоспарларды қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін басты факторлардың бірі. Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежеп, мемлекеттің беделіне кері әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлық – тек қылмыстық құқық бұзушылық емес, ол экономикалық даму мен саяси жүйенің жұмыс істеу көрсеткіші болып табылады. Сондықтан халықаралық сараптамалар мен маркетингтік шолуларда бұл мәселе жиі көтеріледі.
Стратегияда белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
- қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу;
- квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу;
- құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Успен ауылы, Терешкова көшесі, 28.
Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, сенім телефонына қоңырау шалыңыз CALL – CENTER – 1424