
Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою Заңының 8-бабының 44-тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринариялық-санитариялық нормаларға және жануарларды дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық талаптарға сәйкес келетін сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады. Сою пункттері немесе ет өңдеу кәсіпорындары болмаған кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларын сою және жануар мен оның сойылған өнімін ветеринариялық қарап тексеру белгіленген ветеринариялық талаптарға сәйкес келетін сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) жүзеге асырылады.
Сою алдында ауыл шаруашылығы жануарлары сою алдындағы ветеринариялық қарап тексеруге және ұшалары мен ағзаларын союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптауға жатады. Союдан кейінгі ветеринариялық қарап тексеру нәтижелері бойынша ұшаға "алдын ала қарап тексеру" таңбасы қойылады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою алдындағы ветеринариялық қарап тексеру мен ұшалар мен ағзаларды союдан кейін ветеринариялық қарап тексеру нәтижелерін ветеринариялық дәрігер сойылатын жануарларды қарап тексерудің және сою пункттерi (алаңдары) мен ет комбинаттарында ет және ет өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелерiн есепке алу журналына тіркейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын сою Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес берілген есептік нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) жүзеге асырылады.
Сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) жануарларды сойған кезде ветеринариялық дәрігер:
союға түскен ауыл шаруашылығы жануарларына ілеспе ветеринариялық құжаттың (ветеринариялық анықтама) болуын тексеру.
ауыл шаруашылығы жануарларында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес берілген жеке нөмірдің, ветеринариялық паспорттың және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтердің немесе одан үзінді көшірменің болуын тексеру.
ауыл шаруашылығы жануарларына термометрия жүргізе отырып, сою алдындағы ветеринариялық қарап-тексеру және ветеринариялық қағидаларға сәйкес ұшалар мен мүшелерді союдан кейінгі ветеринариялық қарап-тексеру, ұшаларды таңбалау
№ 2 нысанды ветеринариялық анықтама беру (үй және жабайы жануарлардың еті мен ет өнімдеріне, құс етіне, сүт және сүт өнімдеріне, балық және балық өнімдеріне, жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдеріне, ара балына)
Сою алаңында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңында) ауыл шаруашылығы жануарларын сою нәтижесінде алынған ұшалар мен ағзалар өткізу алдында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтеді.
Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмейтін орындарда союға жол берілмейді. Жеке аулада союға тыйым салынады.