Лого

Меню

Страницы

Статья

Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!

Құрметті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер!
2025 жылғы 16 маусымдағы Павлодар облыстық филиалының №361 шығыс хатына сәйкес, аудан аумағында шабындық көбелектің бірінші буыны жұлдызқұрттарының шыға бастауы тіркелгенін хабарлаймыз.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз егіс алқаптарын шабындық көбелек жұлдызқұрттарының бар-жоғына тексеру қажет. Егер олардың саны 1 шаршы метрге 5–10 дана болса, пиретроидтар, неоникотиноидтар және фосфорорганикалық қосылыстар тобына жататын инсектицидтермен химиялық өңдеу жүргізу қажет. Бұл Успен ауданы аумағында зиянкестің таралуына жол бермеу және егінді қорғау мақсатында жүргізіледі.
Сондай-ақ, 16 маусым күні аудан аумағында дара тіршілік ететін шегірткелердің қанаттанып ұшу кезеңі басталғаны тіркелді.
Жауын-шашынның болмауы мен күндізгі жоғары температура салдарынан шегірткелер тіршілік ететін табиғи алқаптар қурап жатыр. Осыған байланысты егістікке жақын маңда кемінде 100 метрлік қорғаныс жолағын қалдыруды ұсынамыз.

Құрметпен, ҚР АШМ АӨК "Успен ААИ" ММ

 

Дата публикации
18 июня 2025
Дата обновления
18 июня 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы