
«КР АШМ АӨК Успен ААИ» ММ Успен ауылдық округінің тұрғындарын Павлодар облысының филиалы "ҚР АШМ АӨК МИК ФД және Б РӘО" ММ дабыл хабарламасына сәйкес, 20 мамырдан бастап облыстың оңтүстік аудандарында топтан тыс шегірткелерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізілуі қажеттігін хабарлайды. Облыстың солтүстік бөлігінде топтан тыс шегірткелерге қарсы химиялық өңдеулер маусым айының бірінші декадасында жүргізіледі. Өңдеулер мемлекеттік қор жерлерінде келесі алаңдарда жүргізіледі: № 17-197 га, № 18-240 га, № 71-229 га, № 10/95-320 га. Жалпы алаңы – 986 га.
Осыған байланысты химиялық өңдеулер жүргізілетін жерлерде мал жаюға, шөп шабуға, саңырауқұлақ, жидек, дәрілік шөптер жинауға және тұрғындардың демалуына тыйым салынады. Ара өсірумен айналысатын тұрғындарға өңдеу орындарынан 5-6 км қашықтықта ұялар орналастыруға болмайды.
Химиялық препараттардың қорғаныс әсері 40 күн бойы сақталады.
Химиялық өңдеулерді ұйымдастыру бойынша сұрақтармен КГУ «Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне» хабарласуға болады.
«КР АШМ АӨК
Успен ААИ» ММ басшысы Сипий Н.Н.