
Құрметті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Успен аудандық филиалының 2025 жылғы 29 мамырдағы №46 шығыс хатына сәйкес, аудан аумағында көпжылдық шегіртке көбелегінің қыстап шыққан ұрпағының ұшуы тіркелді – жеке дарадан әлсіз, кей жерлерде орташа деңгейде. Жыныстық арақатынасы – аналықтары 60%.
Осыған байланысты, Сіздерден күнбағыс, жүгері, тары, рапс, қыша, біржылдық және көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдар, көкөніс және басқа да егіншілік дақылдарында шегіртке көбелегінің жұмыртқа салуын бақылап отыруды сұраймыз.
Егер бір өсімдікке 10–20 жұлдызқұрттан келетін болса, Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген препараттармен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Құрметпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Успен аудандық аумақтық инспекция" мемлекеттік мекемесі»