
Коррупция мемлекеттік саяси және азаматтық институттарға теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Барлық елдерге бірдей тиімді болатын коррупцияға қарсы күрестің бірыңғай механизмі жоқ. Әр ел қабылдайтын коррупцияға қарсы күрес әдістерінің ерекшелігі тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге, діни ерекшеліктерге және халықтың құқықтық мәдениет деңгейіне де байланысты. Қазіргі таңда коррупция – біз туғаннан бастап бетпе-бет келетін мәселе, біз үшін біреудің белгілі бір әрекет үшін ақша талап етуі әдетке айналған жағдайға айналды. Коррупцияны «Сен – маған, мен – саған» деген ұстаныммен сипаттауға болады, ал кінәлі кім – алушы ма, әлде беруші ме, деген мәселені шешу керек. Әрине, барлық адамды бірдей қарастыруға болмайды. Ар-ождан мен абыройды бірінші орынға қоятын адамдар да бар, өкінішке орай, оларды жиі кездестіре алмаймыз. Бұл – таза жүректі, өз ісіне адал және жауапкершілікпен қарайтын, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысатын адамдар. Егер осындай адамдар бақылау органдарында жұмыс істейтін болса, онда коррупцияны жеңу мүмкіндігі артады. Бұл адамдар жайлы айту керек, жазу керек, оларды үлгі тұту керек! АДАЛДЫҚ пен АР-НАМЫС сатылмауы тиіс! Өзгерісті бәріміз бірлесе және дәл қазір бастауымыз керек. Егер біз пара ұсынуды тоқтатсақ, өзгелер де оны алуды қояды, сонда әлем әділ бола түседі. Мемлекетке ғана емес, әр адамға жеке-жеке де өзгеріс енгізуге күш салу қажет. Ең алдымен, өзгерісті өзімізден бастауымыз керек. Мемлекет өз тарапынан коррупцияға қарсы тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттар мен механизмдерді құру бағытын мақсатты түрде және кезең-кезеңмен жалғастыруда.
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Успен ауылы, Терешкова көшесі, 28.
Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз, сенім телефонына қоңырау шалыңыз CALL – CENTER – 1424