
Аусыл - жылқыдан басқа түліктің барлығында кездесетін қатерлі індет түрі. Аусыл болған малдың көзі жасаурап, аузынан сілекей ағады, күлдіреуіктер шығып, жұқа терілі жерге дейін өршіп, тұтасып, іріңді суға айналады, от пен судан қалады. Екі- үш күннен кейін күлдіреген тілін салбыратып, сілекейін тоқтаусыз шұбырта бастайды, күйістен қалады.
Аусыл дүние жүзінің көптеген елдерінде кездеседі. Жасырын кезеңі 13 күнге, кейде 7-10 күнге созылады. Бұл ауруға ең тән белгі ауыз кілегей қабығының күлдіреуікті зақымдалуы және бақай мен желін еміздігінің зақымдалуы.
Бастапқы кезеңінде малдың ас қорыту тәбеті нашарлайды, сілекей ағуы көбейеді дене температурасының көтерілуі (40,5-41,5°С) байқалады. 2-3 күн еріннің және тілдің ішкі қабатында күлдіреуіктер пайда болады. Кейбір жануарларда күлдіреуіктер тұяқтарының арасында және желін үрпісінде құралады. Аяқ ауруынан жануарлар ақсайды. Бір тәуліктен сон күлдіреуіктер опарылып қабынған жара пайда болады. 2-3 жұмадан кейін жара жазылып, жануар сауығады.
Аурудың алдын алу шаралары мыналардан тұрады: профилактикалық егпе жүргізу, карантиндік шараларды қатаң сақтау, мал қоралары мен көліктерін профилактикалық дезинфекциялау.
Аусылмен күресу шаралары: