
Сыбайлас жемқорлықпен күрестің маңызды әдістерінің бірі – заңды міндетті түрде сақтау. Мұнда моральдық аспект ерекше рөл атқарады. Жоғары моральдық адам ешқашан заң бұзбайды. Б.з.д. V ғасырда қытай ойшылы Конфуций: «Барлық адамдар өз міндеттерін орындауы тиіс: әке – әке, ұл – ұл, билеуші – билеуші болуы керек» деген. Бұл сөздер әрбір адамның өз орнында заңды қатаң сақтап, өз міндеттерін адал, жауапты орындауы қажет екенін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа жол беруге болмайды. Өз елінің лайықты азаматы болу үшін ішкі мәдениетті көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу және білім алу қажет. Сонда ғана біз қуатты, өркендеген, жемқорлықсыз ел құра аламыз! Сонда ғана біз махаббатқа, мейірімге, жақсылыққа толы, қызғаныш, парақорлық және өзімшілдік жоқ әлемде өмір сүре аламыз! Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның теріс құбылысы, ол үнемі мұқият зерттеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы шараларды қажет етеді. Елдегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежеп, инвестициялық климатқа теріс әсер етеді, елдің имиджін төмендетіп, халықаралық беделін әлсіретеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстан мемлекеттік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелілігіне азаматтық қоғам мен саяси партиялардың заң шығармашылық қызметіне белсенді қатысуы оң әсер етеді.
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.
Успен ауылы, Терешкова көшесі, 28.