
«Өсімдіктер карантині туралы»Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 Заңыны сәйкес өсімдіктер карантинінің негізігі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілерді енгізуден немесе өз бетінше кіруден қорғау болып табылады.
Карантиндік объект-бұл өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақ карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және (немесе) карантиндік объектілер мен бөтентекті түрлердің тізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктер мен өсімдік өнімдеріне елеүлі зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп.
Успен ауданының аумағында карантиндік объектілердің 1 түрі шектеулі таралған, арамшөп өсімдіктері- жатаған үкекіре. Барлығы 5169,4199 гектар жұқтырылды. Ошақтардың астында жұқтырған алаң 91,1409. Карантиндік фитосанитариялық аймақ - карантиндік объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинмен жарияланған аймақ. Карантиндік аймақ (карантиндік фитосанитариялық аймақ) – Сібір жібек құрты-карантиндік түр. Карантиндік аймақтың аумағында инфекция ошағын жоюға бағытталған іс-шаралар орындалады; қойылған шектеулер қолданылып жатқанда, одан карантиндік организмдер болуы мүмкін өсімдік өнімдері мен басқа да материалдарды әкетуге тыйым салынады. Карантиндік объектілермен инфекция біркелкі болмауы мүмкін. Зиянкестердің таралу тығыздығына байланысты карантиндік аймақта мыналар бөлінеді:
карантиндік объектінің ішінара (шектеулі) таралу аймағы – карантиндік объект ауыл шаруашылығы және орман дақылдарын егу немесе отырғызудың 50% - дан азын жұқтырған аймақ;
карантиндік объектінің кең таралу аймағы-карантиндік объектімен ауыл шаруашылығы және орман дақылдарын егудің немесе отырғызудың 50% - дан астамы залалданған аймақ;
карантиндік объектінің жекелеген ошақтарының аймағы-карантиндік объектіні жұқтырудың жекелеген оқшауланған учаскелері бар аймақ.
Жақын аумақтарды қорғау үшін карантиндік аймақтың айналасында карантиндік объектіге қарсы қорғаныс аймағы (кепілдік аймағы) – карантиндік зиянкестерді анықтау және жою мақсатында алдын алу шаралары орындалатын аумақ белгіленеді. Оның мөлшерін ошақтың мөлшеріне, карантиндік организмнің ерекшеліктеріне және т. б. сүйене отырып, арнайы комиссия анықтайды. Ақырында, карантин объектісі келтіретін ықтимал немесе нақты экономикалық залал бойынша белгіленетін карантиндік объектінің зияндылық аймағы бөлінеді.
Карантиндік аймақтардың аумақтары әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда олар бірнеше гектар немесе бірнеше ондаған мың метрді алады, бірақ кейде олардың ұзындығы әлдеқайда көп болады.
Қызметті Карантинге жатқызылған өнімді өндірумен, дайындаумен, қайта өңдеумен, сақтаумен,тасымалдаумен және өткізумен байланысты жеке және заңды тұлғалар егістіктерді, аумақтарды, карантинге жатқызылған өнім сақталатын қоймаларды жүйелі турде зерттеп-қарауды қамтамасыз етуге міндетті.
Экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады, карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған карантинге жытқызылған өнім, топырақ, топырағы бар тірі тамырланған өсімдіктер ауруларын қоздырғыштар.
Карантиге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті органның аумақтық бөлімшілері: фитосанитариялық сертификаттар болған кезде Қазақстан Республикасыныңтыс жерлерге;карантиндік сертификаттар болған кезде Қазақстан Республикасының ішінде беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған кезде рұқсат етіледі.
Карантинге жатқызылған өнімінің иесі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін карантинге жатқызылған өнімнің кез келген қолжетімді тәсілмен келгені туралы хабардар ететінін және карантинге жатқызылған өнімді межелі, жеткізу орнында карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін келген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктермей ұсынатынын білу керек.
Межелі орны өзгерген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына келуі туралы бірнеше рет( 2 рет және одан көп) хабарламау немесе карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру үшін көрсетпеу уәкілетті органнан ақпарат алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ауданның ауыл шаруашылығытауар өндірушілері мен кәсіпкерлерін Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға шақырамыз. « Өсімдіктер карантині туралы» Заңның санамаланған және басқа даталаптарын бұзу «әкімшілікқұқық бұзышылық туралы» ҚР Кодексінің 400 – бабында көзделген айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
«Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі.