Лого

Меню

Страницы

Статья

Улы газ - өртте адамдардың өлуінің басты себебі.

        Тәжірибе көрсеткендей Республикада күн сайын адамдар улы газбен улану орын алады. Жану ошағы басқа бөлмеде  болса да улы газбен улану әбден мүмкін, өйткені көміртек тотығы түтінмен бірге жайылғанмен бөлме қабырғалары мен маңайдағы заттарға қонбайды. Оның концентрациясы бір минут ішінде күрт жоғарылайды және ауамен араласқан кезде ғана төмендейді. Адам улы газбен уланған кезде организмде  оттегінің  алмасу механизмі бұзылып, оның тапшылығы пайда болады.  Бұл ес білмей қалуына  және өлімге әкеліп соқтырады. Улы газдың адам организмінде жиналып, оның қорғану әрекетін тоқтату қабілеті болғандықтан, тіпті оның кішкентай концентрациясы адамға әсер етеді. Алайда адам улы газбен дем алып жатқанын сезбейді, бірақ біраз уақыттан соң басы ауырып, көру қабілеті нашарлап, басы айналып,  жүрегі айни бастайды. Улы газдың әрекетінен адам арылмаса нақтылы уақытты сезіну қабілеті жоғалып,  кеңістікте бағдарлау бұзылып, егер де адам көміртек тотығы бар бөлмеден шықпаса қайғылы жағдайға душар болуы әбден мүмкін. Улы заттың әсері сондай  адам денесінің күйік алып жатқанын да сезінбейді. Уланған адамға тез арада далаға шығу қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса, тым болмағанда даланың ауасымен дем алу мүмкіндігі бар бөлмеге бару керек. Бұл бөлмеге түтін газының келуін мейлінше болдырмау қажет. Улы газбен уланған адамды жатқан қалпында тез арада таза ауаға  алып шығып керек және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету қажет.

   

Успен ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
18 января 2024
Дата обновления
18 января 2024
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы