
Успен ауданының жалпы білім беру мекемелерінде, оқушыларға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске сала отырып, өртке қарсы нұсқаулықтар, сабақтар тұрақты түрде өткізіледі.
Бұл жолы Абай атындағы ЖОББМ-нің оқушылары мен педагогикалық құрамы өрт қауіпсіздігін алдын алудың ең маңызды элементтерінің бірі-эвакуациялау бойынша оқу жаттығуы өткізілді.
Жаттығу автоматты өрт дабылын қосудан басталды: «Назар аударындар! Өрт қауіпсіздігі дабылы! Барлықтарын бөлмені босатындар». Осы уақытта сабақтар жүргізілді. Барлық сынып оқушылары дабыл сигналы бойынша, мұғалімдер басшылығымен, оқу сыныптарын босатты. Эвакуациядан кейін олардың барлығы мектеп ғимаратының алдындағы алаңда сапқа тұрды.
Успен ауданының ТЖБ қызметкерлері өз кезегінде қауіпсіздік шаралары бойынша оқушылармен және қызметкерлермен әңгіме өткізіп, өрт туындаған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы айтты.
Барлығы білу керек! Мектепте өрт шыққан жағдайда келесі талаптарды орындау қажет:
- үрейленбеу!
-өрт сөндіру қызметін «101» немесе «112» телефоны арқылы шақыру.
-бөлмені тексеру және барлығын болмеден шығару.
-эвакуациялау тез, ұйымдасқан түрде, қысымсыз және алдын ала зерделенген қауіпсіз бағыт бойынша, қосалқы шығуларды, өрт сатыларын пайдалана отырып, өрттің қауіпті аймағынан кету керек.
-түтінді үй-жайдан шыққан кезде дымқыл мата арқылы дем алу, барлық күштермен түтіннен қорғану, еңбектеп шығу есігіне жақындау қажет.
- екінші және одан жоғары орналасқан қабаттардан жерге секіруге болмайды,бұл әрқашан қауіпті.
- көріну төмен болған кезде түтіндеу аймағына кіруге болмайды.
-қауіпсіз аймақта болған соң мекеменің барлық тізімдік құрамын тексеру қажет.
Успен ауданының ТЖБ