
Құрметті Успен ауданының кәсіпкерлері, жеке кәсіпкерлік объектілерінде жиі кездесетін өрт қауіпсіздігін бұзушылыққа:
-автоматтандырылған өрт дабыл қаққыш жүйесінің ақаулығы немесе жоқтығы;
-қойма бөлмелеріндегі ағаш құрылымды стеллаждарды оттан қорғау өңдеуі жүргізілмейді;
-әйнектерде саңылаусыз темір торлар орнатылған;
-алғашқы өртсөндіру құрылғыларының жетіспеушілігі;(өрт сөндіргіш)
-электрсым желілері, шам желілері өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығымен қолданылуы;
-өрт қауіпсіздігі белгісіның жоқтығы (темекі шекпеу, өрт кезінде 01,101 нөмеріне қоңырау шалу);
-эвакуация жолдарында жаңғыш әрлеудің қолданылуы (қабырға, төбе, еден).
Барлық жұмысшылар өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт кезіндегі іс-әрекеттерді және алғашқы өрт сөндіру құралымен қолдану жолын білу қажет.
Успен ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерді тексеріс кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылығына жауапты тұлғалар айыппұл есебінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде хабардар етеді.
Успен ауданының ТЖБ