Лого

Меню

Страницы

Статья

«Жеке аула маңайының өрт қауіпсіздігі»

Аулада өрттің ең көп таралған нысаны жиі пішен мен сабан болып табылады, ал содан кейін өрт шаруашылық құрылымдарға көшеді. Пішеннің жануының бірнеше себебі бар. Бұл өртпен абайсыз әрекеттерден болуы мүмкін (сөндірілмеген темекі түйесі немесе сіріңке, сөндірілмеген күл, балалардың отпен ойнауы), бөтен тұлғалардың байқаусыз өтпен қолданылуында, немесе тіпті әдейі өрттеу. Аула маңайында өртті болдырмас үшін өртпен қолданғанда өте сақ болу керек, әсіресе күзді күні. Көктемде өрт жиі қоқысты өрттеген кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан  пайда болады, үй иелері өз аула аумағын жинаған кезде ескі шөп пен қоқысты өрттейді. Әдетте өрт соңына дейін өшірілмей қалады да, соның салдарынан жел жанып жатқан көмір мен күлді желдетіп пішенге алып келеді, сол себептен өрт пайда болады. Дәл сол жағдай пештен шыққан сөндірілмеген күлден болуы мүмкін. Сол себептен өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша аула маңайында от жағу тыйым салынған, ал күл аулақтандыру алдында сумен суарылып, әдейі орнатылған қауіпсіз жерге аулақтандырылу қажет.

         Қора ішінде әрдайым электр сымдары жүйесінің изоляциясының тұтастығын бақылау керек,  шамдарды плафондармен жауып қолдану керек. Пішен сарайында электр сымдары жүйесін өткізуге және кез келген шамдар түрін қолдануға тыйым салынған.

         Жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтау Сізге өз жеке мүлкіңізді сақтауға көмектеседі. Өрт пайда болған жағдайда «101» телефонына немесе құтқару қызметіне «112»  қоңырау шалу керек.

         Успен ауданының ТЖ бөлімінің сенім телефоны: 91023

 

 

 

 

 

 

Успен ауданының

ТЖБ инженері                                                                                  А. Сабыржан

Дата публикации
21 августа 2023
Дата обновления
21 августа 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы