Лого

Меню

Страницы

Статья

Терек түктеріне назар аударыңыз

Міне, көптен күткен жаз келді, ал балалардың жазғы демалыс кезінде тентектік жасауға әкеп соғатын ойындарға көп уақыт қосылды. Маусым айында теректердің гүлденуі басталады, соның салдарынан түктердің жаппай ұшуы болады. Ал терек түктерін жағу – балалар мен жасөспірімдердің бірден-бір тентектігі. Түктерді жағу кезінде өрт тез арада жан-жаққа жайылады, ал балалар мұның қаншалықты қауіпті екеніне есеп бермейді. Осыған байланысты, Успен ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарының жанында түктерді жандыруды, сонымен қатар басқа да тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жандыруға жол бермеу туралы еске салады. Үй иелері мен кәсіпорын басшылары аймақтар жанын тазалықта ұстап, оны жанатын қалдықтар мен қоқыстардан уақытылы тазалау қажет. Бір қарағанда жазықсыз болып көрінетін өртпен болған ойын, тентектік ауыр салдарларға әкеп соқтыратынын ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ.

Құрметті аудан тұрғындары! Балаларға терек түктерін жағуға жол бермеңіз, өзіңіз де бұны бос ермек үшін жасамаңыз. Өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзғаны үшін, жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерінің барлық бұзушылық жағдайлары туралы Успен ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің сенім телефонына 91-0-23, 101 телефондары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

 

 

 

Успен ауданының ТЖ бөлімі

Дата публикации
23 мая 2023
Дата обновления
23 мая 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Видеоролики
21 октября 2026
Аудиоролики
20 октября 2026
Инфогpaфикалар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы