Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 16 шешімімен 2025 жылғы 30 қарашада сайланған Макатаев Серик Кайргельдыевич Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы