Сайлау күні туралы хабар

2025 жылғы 30 қараша – Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің әкімін сайлау

 

Құрметті сайлаушылар!

 

№ 421, 422, 423 учаскелік сайлау комиссиялары

2025 жылғы 30 қарашада сағат 07: 00-ден 20:00-ге дейін Сіздерді Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің әкімін сайлауында келесі мекенжайлар бойынша дауыс беруге қатысуға шақырады:

Сайлау учаскесі

Мекенжай

Телефон

№ 421

Ольхов ауылы, Школьная көшесі, 18 (Мәдениет үйінің ғимараты)

8 (71834) 90-4-75

№ 422

Қызылағаш ауылы, Жігер көшесі, 1 (Мәдениет үйінің ғимараты)

8 (71834) 90-2-29

№ 423

Тимирязев ауылы, Школьная көшесі, 2 (Мәдениет үйінің ғимараты)

8 (71834) 90-1-17

 

Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжаттың болуы қажеттігін естеріңізге саламыз.

Білуіңіз қажет!

Азаматтар сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тіркелуі негізінде енгізіледі. Өзіңізді сайлаушылар тізімдерінен 2025 жылғы 15 қарашадан бастап учаскелік сайлау комиссиясында тексере аласыз.

Егер денсаулық жағдайыңызға немесе отбасының сырқат мүшесіне күтім жасау себебіңізге байланысты Сіз дауыс беру үшін өзіңіз тізіміне енгізілген учаскеге келе алмасаңыз, онда 30 қарашада сағат 12.00-ден кешіктірмей, жазбаша өтініш беруіңіз қажет, сосын учаскелік сайлау комиссиясы Сіздің болатын жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастырады.

 

Құрметпен, 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 ноября 2025