Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауды тоқтата тұру туралы Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 12-тармағының 2) тармақшасының және үшінші бөлігінің негізінде, Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 40 қаулысына сәйкес Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерін орындауды тоқтата тұру туралы ақпаратты жариялаймыз.
Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Серик Кайргельдыевич Макатаевтың міндеттерін орындау сайлау науқаны кезеңіне тоқтатылды.