Жоба
УСПЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ
ШЕШІМІ
(VI сайланған __________сессия)
Успен ауылы № ____ 2020 жылғы____________
Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Успен аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Успен аудандық
мәслихатының хатшысы
Успен аудандық мәслихатының
2020 жылғы «__» ____________
№____ шешіміне
1-қосымша
Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Осы Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша облыстардағы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы статистика органдары есептейтін облыстардағы мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан;
2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз;
3) Отан қорғаушы күні - 7 мамыр;
4) Жеңіс күні - 9 мамыр;
5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр;
6) Отбасы күні - қыркүйектің екінші жексенбісі;
7) Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
8) Қарттар күні - 1 қазан;
9) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні - 1 желтоқсан.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, атап айтқанда:
2-1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
2-2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
2-3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
2-4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
4) еңбек ардагерлері, атап айтқанда:
4-1) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
4-2) 1941 жылдың 22 маусымнан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
4-3) Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;
4-4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар;
5) Заңның 8-бабының күші таралатын адамдар, атап айтқанда:
5-1) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;
5-2) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын күрес жүргізушілерінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтардың, жалпы ауруы, еңбекте мертігуі салдарынан және басқа да себептермен (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) мүгедек деп танылған азаматтардың қайта некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);
5-3) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
6) Сот немесе Қазақстан Республикасының «Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген өзге де тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбандары немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендер деп танылған азаматтар;
7) мүгедектер, атап айтқанда:
7-1) жалғыз басты және жалғыз тұратын 3 топ мүгедектері;
7-2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
7-3) 1, 2 топ мүгедектері;
7-4) кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;
7-5) 3 топ мүгедектері;
7-6) санаторлық-курорттық емдеуге мұқтаж 1 топ мүгедектері;
7-7) гемодиалезге мұқтаж 1 топ мүгедектері;
7-8) балалар церебральды сал ауруымен, парезбен, гидроцефалиямен, бастапқы иммун тапшылығымен және аутизммен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасылар;
7-9) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
7-10) кәмелетке толмаған балалары бар 3 топ мүгедектері;
8) отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын, жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттеріне және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар мен жетім балаларға;
9) аз қамтылған азаматтар, атап айтқанда:
9-1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар;
9-2) өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, атап айтқанда 1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат, өрт немесе табиғи апат;
9-3) табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің алпыс пайызынан төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар;
9-4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасылар;
9-5) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, жасанды тамақтанатын 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар;
9-6) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімі бар жүкті әйелдер;
9-7) 18 жасқа дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар;
10) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:
10-1) онкологиялық ауруына шалдыққан тұлғалар;
10-2) туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;
10-3) адамның иммун тапшылығы вирусы ауруына шалдыққан тұлғалар;
10-4) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған он сегіз жасқа дейінгі балалар;
11) зейнеткерлік жасқа толған адамдар, атап айтқанда:
11-1) зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатындар;
11-2) зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын 80 жастан бастап және одан жоғары (асқан) жастағылар.
1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:
1-1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай уәкілетті ұйым ұсынған тізімі негізінде 7-тармағының 2-1), 2-2), 2-3), 2-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
1-2) Халықаралық әйелдер күніне орай, уәкілетті ұйым ұсынған тізімі негізінде 7-тармағының 9-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
1-3) Отан қорғаушы күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармағының 5-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
1-4) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармағының 1), 3), 4-1), 4-2), 5-1), 5-2), 5-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
1-5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
1-6) Отбасы күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармағының 7-9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
1-7) Еңбек күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармағының 4-3), 4-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
1-8) Қарттар күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармағының 11-1), 11-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
1-9) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7-тармағының 7-2), 7-3), 7-10) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
2-1) 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, атап айтқанда:
тұрғын үйді жөндеуге, нақты шығындар бойынша 300 000 (үш жүз мың) теңге – жеке өтініші, жеке басын куәландыратын құжаты, үй иелену құқығын растайтын құжаты, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі негізінде;
қатты отын сатып алуға 5,2 (бес бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2-2) 7-тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 5 (бес) АЕК мөлшерінде (сауықтыруға) – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің, мүгедектігі туралы анықтаманың, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері негізінде;
2-3) 7-тармағының 10-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 10 (он) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініш, ауруды растайтын анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі негізінде;
2-4) 7-тармағының 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 7 (жеті) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Успен ауданының туберкулезге қарсы кабинеті (бұдан әрі - тубкабинет) ұсынған тізім негізінде;
2-5) 7-тармағының 10-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 7 (жеті) АЕК мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген «Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізім негізінде;
2-6) 7-тармағының 7-2), 7-3), 7-5) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін - 7 (жеті) АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2-7) 7-тармағының 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін (өрт немесе табиғи апат кезінде) 60 (алпыс) АЕК дейінгі мөлшерінде әлеуметтік көмек (арнайы комиссияның шешімі бойынша);
2-8) 7-тармағының 7-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін 40 (қырық) АЕК мөлшерінде (алып жүретін тұлғаның жолақысына, тұруына және тамақтануына) – өтініш, өтініш берушінің және алып жүретін тұлғаның жеке куәлігінің көшірмелері, екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, тиісті медициналық мекемеден санаторлық-курорттық сауықтыруды қажет ететін 1 топ мүгедектігі туралы анықтама, оңалтудың жеке бағдарламасының көшірмесі негізінде;
2-9) 7-тармағының 7-8) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (әлеуметтік бейімделуге және оңалтуға) – өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы, тиісті медициналық мекемеден баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі негізінде;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
3-1) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (тұрғын үй көмегін алушыларды қоспағанда) өтеуге 7-тармағының 2), 3), 4-1), 5-1), 5-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
3-2) 7-тармағының 7-1), 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді (тұрғын үй көмегін алушыларды қоспағанда) өтеуге 2 (екі) АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
3-3) 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 2 (екі) АЕК мөлшерінде – облыстық орталыққа дейін және кері қайту жолақысына әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
4-1) 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 1 (бір) АЕК мөлшерінде – дәрі-дәрмек сатып алуға әлеуметтік көмек уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4-2) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4-3) тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 7-тармағының 5-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде – уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4-4) 7-тармағының 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, 15 (он бес) АЕК мөлшерінде – амбулаторлық емдеу кезеңінде тамақтануға, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген тубкабинеттің тізімі негізінде;
4-5) 7-тармағының 7-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін, жол жүру шығындарын өтеуге – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлікте жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, емделуге немесе тексерілуге жолдама негізінде жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде материалдық көмек;
4-6) 7-тармағының 7-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін, жол жүру шығындарын өтеуге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде (жол жүруге) – өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, екінші деңгейдегі банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке есеп шотының нөмірі, тиісті медициналық мекемеден 1 топтағы мүгедектігі туралы анықтама, медициналық мекеменің гемодиализден өткені туралы анықтамасы негізінде;
4-7) 7-тармағының 10-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде – екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін, жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Павлодар облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен келісілген, Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Успен аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылған тізімі негізінде;
1) біржолғы әлеуметтік көмек:
1-1) 7-тармағының 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін жан басына шаққандағы орташа табысы Павлодар облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын (1 айдан аса ұзаққа созылған сырқат) – 15 (он бес) АЕК дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек (арнайы комиссияның шешімі бойынша);
1-2) 7-тармағының 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген өтініш, жеке куәлігінің көшірмесі, жеке куәлігінде жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, жеке сәйкестендіру нөмірін растайтын құжат, босату туралы анықтама негізінде;
1-3) 7-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін (облыс әкімі грантының иегерлері болып табылатындарға) оқудың нақты бағасы мөлшерінде жоғары оқу орнындағы оқуын төлеуге әлеуметтік көмек – өтініш және қала (аудан) әкімінің, жоғары оқу орын басшысының және студенттің қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;
1-4) 7-тармағының 9-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, жүктілікті растайтын құжат, табыстары туралы мәліметтер негізінде;
1-5) 7-тармағының 9-3), 9-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, қатты отын сатып алуға 14 (он төрт) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, табыстары туралы мәліметтер, отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі негізінде;
1-6) 7-тармағының 9-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін, тұншықтырғыш газ датчиктерін орнатуға 3 (үш) АЕК мөлшерінде – жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш, табыстары туралы мәліметтер негізінде;
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
2-1) 7-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұратын жеріне дейінгі жолақысына 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек – өтініш және қала (аудан) әкімінің, жоғары оқу орны басшысының және студенттің қолдары қойылған білім беру қызметтерін көрсету туралы үш жақты келісімшарт негізінде;
2-2) 7-тармағының 9-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек – әлеуметтік көмек тағайындау туралы ата-анасының біреуінің өтініші, жеке сәйкестендіру нөмірі, екінші деңгейдегі банктердегі, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдардағы жеке шотының нөмірі, баланы жасанды тамақтандыру қажеттілігін растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, табыстары туралы мәліметтер негізінде.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжатпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
1) өтініш берушілер ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
5-тарау. Қорытынды ереже
27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Успен аудандық мәслихатының
2020 жылғы «__» ____________
12. Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы «Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 138/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» № 297/60 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6835 тіркелген, 2020 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).