№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес, Успен аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 34 қаулысымен № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалды.

 

Успен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 августа 2025